thumb|right|200px| Ыдырыс Көшкінов (1897 жыл, Алматы облысы Кеген ауданы – 1944 жыл, Ресей, Архангельск облысы) – қоғам және мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан. 1917 ж. Жаркент а. ш. мектебін бітірген. 1919 ж. Жаркенттің тұңғыш атты әскер эскадроны құрамында ақ гвардияшыларға қарсы күресті. 1921 – 24 ж. Жаркент уездік атқару к-тінің бөлім меңгерушісі және оның төрағасы. 1924 – 26 ж. Жетісу губ. атқару к-тінің төрағасы. 1926 – 35 ж. Бат. Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола, Қарағанды облысы атқару к-ттерінің төрағасы. 1935 жылдан БК(б)П Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары және төрағасы, жұмысшы-шаруа инспекциясының халкомы, БК(б)П ОК партия бақылауының Қазақстан жөніндегі өкілінің орынбасары. БК(б)П Қазақстан өлкелік к-ті мен Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясының мүшесі 5 – 9 сайланған ҚазОАК және 2 – 4 сайланған КСРО ОАК-нің мүшесі болды. 1937 ж. “халық жауы” ретінде Сібірге жер аударылып, сол жақта жүріп қайтыс болды. 1960 ж. ісі қайта қаралып, ақталды.
Есте қалдыру К. туған ауылы Ұзынбұлақта 4 сыныптық мектеп ашу ісіне ұйтқы болды. 1964 ж. осы мектепке К. есімі берілді. 1997 ж. Алматы облысы Райымбек ауданында К-тің туғанына 100 жыл толуы атап өтілді. Дереккөздер
Санат:1897 жылы туғандар Санат:Райымбек ауданында туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Архангельск облысында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Орал облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Ақмола облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:КСРО-да репрессияланғандар