Көптоғай — Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл, Көптоғай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ойыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде, Ойыл өзенінің оң жағалауында, жусан аралас қылқан боз, көкпек, бұйырғын өскен бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1403 адам (689 ер адам және 714 әйел адам) болса, 2009 жылы 1712 адамды (867 ер адам және 845 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 909 адамды (460 ер адам және 449 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1963 жылы қой кеңшарын құруға сәйкес қаланды. Бұрын мұнда №22 ауыл, Ақсай, Жақсымай, Саралжын, Қарасу ұжымшарлары болған. Көптоғайда “Көптоғай” АҚ ауыл шаруашылық техникасын жөндеу шеберханасы, орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, шұжық цехы жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Ойыл ауданы елді мекендері