Таухид ( – Құдайды бір деп білу, Құдайды ерекшелеу) — Ислам дінінде Аллаһтың бірлігіне сенім келтіру, Аллаһты бір деп білу, Аллаһты ерекшелеу.
Ислам діні бойынша, Алла тағала адамзатты таухид үшін жаратты, яғни тек Бір Өзіне ғибадат ету үшін жаратты.
Дәлел, болып Алланың Құрандағы Аз-Зарият сүресінің 56-аятында айтатын сөздері:
"وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ".
Түсіндірме аудармасы: "Мен жындар мен адамдарды тек Бір Өзіме ғибадат ету үшін ғана жараттым".https://kuran.kz/
Сондықтан, әрбір адам үшін таухид осы дүниедегі өмірдің ең басты мақсаты болып табылады.
Аса Ұлы әрі Құдіретті Аллаһқа деген иманның мәні жүректің келесі нәрселерге кәміл, күмәнсіз сенуі болып табылады:
• тек Аллаһ қана жалғыз Раббы болып табылады;
• тек Аллаһ қана құлшылыққа лайықты жалғыз Құдай болып табылады;
• тек жалғыз Аллаһ қана құдайлық есімдер мен сипаттарға ие болып табылады.
Бірқұдайшылықтың — таухидтың бүкіл мәнін қамтитын жүректің осы үш сенімі тұтас алғанда бүкіл дін дәл соның үстіне мығым етіп құрылған негіз болып табылады.
Ислам — бұл саф-таза (кәміл) бірқұдайшылық діні, өйткені ол Аллаһ қана бүкіл болмысты басқарады әрі ешбір серіктер мен көмекшілерсіз жалғыз Өзі ғана Өзінің іс-амалдарын атқарады деген, әрі Ол жалғыз Өзі ғана құдайлық болмысқа және құдайлық есімдер мен сипаттарға ие деген, әрі Оған ұқсас әрі тең ешкім және ешнәрсе жоқ деген, әрі сондай-ақ тек жалғыз Ол ғана құдай ретінде дәріптеп сиынуға және құлшылық етуге лайықты және Оған осыда тең ешкім жоқ деген сенімге негізделеді.https://toislam.ws/aqidah/kniga_osnovy_imana
Таухидтің үш құрамдас бөлігі Жоғарыда атап айтылған осы нәрселердің негізінде пайғамбарлар мен елшілердің барлығы сонымен келген бірқұдайшылық (таухид) өзіне үш құрамдас бөлікті қамтитыны түсінікті болады:
1. Раббылықтағы бірқұдайшылық (таухид әр-рубубийя) — бұл жүректің жалғыз Аллаһ Тағала ғана Раббы, Ие, Жаратушы және бүкіл болмысты Басқарушы болып табылады деп, және Ол ғана өмір мен өлім береді, пайда мен зиян келтіреді, қиындықтар мен ауыртпалықтар тұсында Ол ғана дұғаларға жауап береді деп, әрі бүкіл болмыстың үстінен Ол ғана шексіз билікке ие, әрі жақсылық пен жамандық толығымен тек Оның ғана қолында, және бүкіл істер Оған ғана тәуелді, әрі ешкім Онымен осы билікті бөліспейді деп мығым сенуі.
2. Құдайлық болмыстағы бірқұдайшылық (таухид әл-улуһийя) — бұл жүректің тек Аллаһ қана шынай құдай болып табылатынына, әрі сондықтан да құлшылық-ғибадаттың барлық түрлері тек жалғыз Оған ғана арналуы керек екендігіне
мығым сенуі.
3. Құдайлық есімдер мен сипаттарға ие болудағы бірқұдайшылық (таухид әл-әсма уа әс-сыфат) — бұл жүректің Аллаһ Тағала Өзін Өзі Құранда немесе Өзінің Пайғамбарының айтуымен сенімді жеткен Сүннетте сипаттаған барлық есімдер мен сипаттарға сенуі, әрі Одан кез-келген кемшіліктерді, ақауларды және Оның Өзіне ғана тән болған нәрселерде жаратылыстармен кез-келген ұқсастығын теріске шығаруы. Бұл Ал-лаһ қана барлық нәрсені білуші әрі барлық нәрсеге құдіретті деп, Ол Тірі әрі басқа нәрселердің барлығының тіршілік етуін қамтамасыз етіп Тұрушы, Ол қалғымайды да, ұйықтамайды да деп мойындау. Оның қалауы бұлжытпай орындалады, әрі оның Даналығы шексіз. Ол — барлық нәрсені толық Естуші, Көруші, Мейірбан (Есіркеуші), Мейірімді. Ол Аршыға көтерілді және Өзінің Патшалығына иелік етуде. Ол — Толық Патша, Пәк, Таза, Қорғаушы, Сақтаушы, Аса Құдіретті, Күшті, (басқа нәрселердің) барлығынан Жоғары Тұрушы. Әрі бұл — Оның аса көркем есімдері мен жоғары сипаттарының кейбірі ғана.
Осы үш құрамдас бөліктің әрбірі Құран мен Сүннеттен алынатын көптеген дәлелдермен расталады.
Құран толығымен бірқұдайшылыққа арналған, әрі бірқұдайшылықтың талаптары мен ол үшін берілетін сый-сауаптар туралы, сондай-ақ көпқұдайшылық пен оны ұстанатындар және соларға әзірленген жаза туралы айтады.
Бірқұдайшылықтың осы үш құрамдас бөлігін мұсылман діндар ғұламалары Құран мен Сүннеттің мәтіндерінен шығарып алған. Шариғи мәтіндердің жан-жақты және мұқият жасалған сараптамасы, құлдардан талап етілетін бірқұдайшылықтың мәні — бұл Аллаһтың жалғыз Раббы, жалғыз құлшылыққа лайықты Құдай, әрі құдайлық есімдер мен сипаттарға ие жалғыз Құдай екеніне иман келтіру болып табылады. Кім осының барлығын тұтас мойындамаса, сол мүмин болып табылмайды.
Таухид негізі Араб тіліндегі «улуһия» сөзі «Құдай» деген мағынаны білдіретін «Иләһ» сөзінен туындаған. «Құдай» — бұл оған махаббат пен тағзым негізінде бағынатын объект. Оған бағыныш пен тағзым танытылады, одан қорқады әрі оны қалайды, қайғы-қасіретте одан құтылу тілеп жалбарынады, әрі өмірдің маңызды сәттерінде оған дұға-тілектер жолданады, игілік күтуде оған тәуекел етіледі әрі одан қорғау мен пана сұралады. Әрі адамның жүрегінде Құдайға қатысты осының барлығының қалыптасуының себебі Құдайдың басқа адамдар мен жаратылыстарға қолжетімсіз кәмілдік пен ұлылық сипаттарына ие болуында.
Құдайлық болмыстағы бірқұдайшылық («таухид әл-улуһия») — бұл жүректің тек Аллаһ қана шынайы құдай болып табылатынына, әрі тек Ол ғана Оған құлшылық етуге лайықты деп мығым сенуі. Өйткені егер тек Аллаһ Тағала ғана жалғыз Раббы болса әрі тек Ол ғана кемел құдайлық есімдер мен сипаттарға ие болса, онда шынайы Құдай да тек Ол ғана ғой.
Аллаһ Тағала былай деді:
«وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولًا أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاجْتَنِبُوا الطَّاغُوتَ».
Түсіндірме аудармасы: «Расында, әр үмметке: «Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар, әрі Одан басқа кімге болса да (құлшылық етуден) аулақ болыңдар», — дейтін елші жібердік» («ән-Нәхл» сүресі, 36–аят).
Аллаһ Тағала былай деді:
«ذَلِكَ بِأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدْعُونَ مِن دُونِهِ هُوَ الْبَاطِلُ وَأَنَّ اللَّهَ هُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ».
«Өйткені, расында, Аллаһ — Ол хақ, ал олардың Аллаһтан өзге сиынғандары ол — өтірік, әрі, расында, Аллаһ — Ол өте Жоғары, аса Үлкен» («әл-Хәж» сүресі, 62–аят).https://kuran.kz/
Әрі Аллаһ Тағала Құранда бізге адамдардың құдай санап құлшылық етіп жатқан объектілерінің барлығы шын мәнісінде ондай емес екенін және өтірік болып табылатынын хабарлады. Яғни адам оларға мойынсұну, дұға етіп жалбарыну, үміт ету, қорқу, көмек тілеу, тәуекел ету арқылы олардан ешнәрсе ала алмайды. Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деді:
«أَيُشْرِكُونَ مَا لَا يَخْلُقُ شَيْئًا وَهُمْ يُخْلَقُونَ. وَلَا يَسْتَطِيعُونَ لَهُمْ نَصْرًا وَلَا أَنفُسَهُمْ يَنصُرُونَ».
«Олар ешнәрсені жаратпаған, өздері жаратылған нәрселерді Аллаһқа серік қоса ма? (Аллаһқа серік қосқан нәрселері) оларға жәрдем ете алмайды, әрі тіпті өздеріне де жәрдем ете алмайды» («әл-Әғраф» сүресі, 191-192–аяттар).
«وَالَّذِينَ تَدْعُونَ مِن دُونِهِ لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَكُمْ وَلَا أَنفُسَهُمْ يَنصُرُونَ».
«Ал сендердің Аллаһтан өзге жалбарынғандарың сендерге жәрдем ете алмайды. Олар тіпті өздеріне де жәрдем ете алмайды» («әл-Әғраф» сүресі, 197–аят).
Адамзаттың басым бөлігі Аллаһты Раббы, Жаратушы, Ризық Беруші, Иелік етуші деп мойындайды, — әрі мұның барлығы раббылықтағы бірқұдайшылыққа жатады, — бірақ сонымен бірге Оған құлшылық етуде ешкімге пайда да, зиян да келтіре алмайтын, ешкімге ешнәрсе бере де алмайтын, ала да алмайтын әртүрлі пұттарды, мүсіндерді, дүниеден өткен салиқалы адамдардың әруақтарын, періштелерді, жұлдыздарды және ағаштарды Оған серік қосып жатады.
Бұл туралы Аллаһ Тағала былай деді:
«وَمَا يُؤْمِنُ أَكْثَرُهُم بِاللَّهِ إِلَّا وَهُم مُّشْرِكُونَ».
«Олардың басым бөлігі Аллаһқа серік қосқан күйде иман келтіреді» («Юсуф» сүресі, 106–аят).
Ихлас сүресі Таухид () сүресінде жазылады:
بِسۡمِ اللّٰہِ الرَّحۡمٰنِ الرَّحِیۡمِ
قُلۡ هُوَ اللّٰہُ اَحَدٌ
اَللّٰہُ الصَّمَدُ
لَمۡ یَلِدۡۙ وَ لَمۡ یُوۡلَدۡ
وَ لَمۡ یَکُنۡ لَّہٗ کُفُوًا اَحَدٌ
Жуық аудармасы Халифа Алтай бойынша:
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһның атымен бастаймын.
(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Аллаһ, біреу ақ. Аллаһ мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж) Ол тумады да, туылмады. Әрі оған ешкім тең емес.
Ислам дінінің іргетасы таухид сенімі. Таухид – Алла жалғыз дегенді білдіреді. Қасиетті Құранда бұл ақиқат былай деп баян етілген: «Сендердің құдайларың – жалғыз бір Құдай. Одан өзге тәңір жоқ» («Бақара» сүресі, 163-аят).
Иә, Алла Тағала – жалғыз. Оның теңдесі, ұқсасы немесе серігі жоқ. Ол тумаған, туылмаған. Жалғыздық Құдайға жарасады деген мәтел осы сенімді білдіреді. Біз көріп тұрған және бәзге көрінбейтін барлық нәрсенің жаратушысы Жалғыз Алла. Жаратуда да Алла жалғыз. Одан өзге жаратушы жоқ. Алла бүкіл кемшілік, нұқсандық атаулыдан пәк.
Құлшылық тек Аллаға ғана жасалады. Одан өзгеге құлшылық жасауға болмайды. Таухид сенімі «Ықылас» сүресінде былай деп баян етілген: «(Оларға) айт: Ол – Аллаһ, нағыз жалғыз Құдай. Аллаһ –Самад (Өзі ештеңеге мұқтаж емес, алайда барлық жаратылыс түп-түгел Оған мұқтаж). Ол тумаған да, туылмаған Сондай-ақ Оған тең келетін ешкім де, еш нәрсе де жоқ» («Ықылас» сүресі, 1-4-аяттар).
Алланың жалғыздығына сенім жүректерді ортақ бір мақсатқа біріктіретін, мұсылмандар арасындағы бірлік-ынтымақты күшейтетін маңызды күш.
Аллаһтың есімдері
1. اللهАлла – Оның (Алла Тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.
2. الرَّحْمَنُ Әр-Рахман – Аса қамқор. Оның қамқорлығы Өзі жаратқан бүкіл мақұлықтарына тиесілі. Қамқоршы Алла Тағала мұсылмандардың, сондай-ақ кәпірлердің өмірлік қажеттерін өтейді. Алланың бұл есімін зікір еткен адамның ойлау және жаттау қабілеті күшейеді. Сондай-ақ, ол адам қаталдықтан арылады.
3. الرَّحِيمُ Әр-Рахим – Ерекше мейірімді, Рахымды. Бір жақсы іс үшін бірнеше есе береген және ешқашан сауап істерді жоймайды. О дүниеде тақуа мұсылмандарға мейірімді болады. Кімде-кім бұл есімді 100 рет атап жүрсе, қайғы-қасіреттен аман болады.
4. المَلِكُ Әл-Мәлик – Патша, Ол қалай басқарам десе де Өзі біледі. Оған кеңесші керек емес. Оған барлығы тәуелді. Мұсылман адам бұл есімді зікір етіп жүрсе, қаржыдан қысылмайды.
5. القُدُّوسُ Әл-Қуддусу – Қасиетті, Өте пәк, кемшіліктерден пәк және адам баласының ойына келетін пішін-келбеттен тыс.
6. السَّلاَمُ Ас-Сәлам – Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса, шипа табады.
7. المُؤْمِنُ Әл-Мумин – Қорғаушы, Сенуші. Өзі туралы ұлық кітаптар мен пайғамбарлар арқылы білдіртеді. Өзінің сүйікті құлдарын қауіп-қатерден сақтайды.
8. المُهَيْمِنُ Әл-Мухаймин – Үстем, Қорғаушы. Баршаның үстінде билік жүргізеді және бәрі де Оның иелігінде. Жаратқан мақұлығының үстінен қарап, бақылап тұрады. Кімде-кім бұл керемет есімді ғұсыл алғаннан кейін екі рәкағат намаз оқып, 100 мәрте шынайы ықыласпен айтса, Алла Тағала оны рухани тазартады.
9. العَزِيزُ Әл-Азиз – Аса зор, Ұлық, Қуатты, зор кеңшілік Иесі. Онымен ешкім теңесе алмайды. Кімде-кім Алланың бұл көркем есімін таң намазынан кейін 40 рет қайталап оқыса, Алла Тағала оны қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.
10. الجَبَّارُ Әл-Жәббар – Аса өктем. Билік пен қуат Иесі. Нені қаласа, соны кімге де болсын істете алады.
11. المُتَكَبِّرُ Әл-Мутәкәббир – Паң, ұлылық және биіктік Иесі. Кім бұл көркем есімді зікір етіп жүрсе, халық арасында құрметті болады.
12. الخَالِقُ Әл-Халиқ – Жаратушы. Мақұлықтарын Өз еркімен жаратады. Ол әр нәрсені көркем түрде жаратады.
13. البَارِىءُ Әл-Бари – Жаратушы, жоқтан бар етуші. Жаратқан мақұлықтарына әр түрлі пішін және бейне береді. Алла әрдайым жаратуда. Егер бала таба алмаған әйел 7 күн ораза ұстап, «Әл-Бари, Әл-Халиқ, Әл-Мусаууир» деп 21 рет айтып суға дем салып аузын сол сумен ашып, шынайы ықыласпен жалғыз Алла Тағалаға дұға етсе, оған Жаратушы нәресте береді.
14. المُصَوِّرُ Әл-Мусаууир – Келбет беруші. Өзінің қалауымен әрбір жаратқан нәрсесіне өзгеше келбет және әр түрлі пішін береді. Миллиардтаған келбет жаратқан Алла Тағалаға ешкім теңесе алмайды.