Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов (18 мамыр 1957, Алматы облысы) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, 2011 және 2019 жылдары аралығында Ішкі істер министрі, одан кейін — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. Полиция генерал-полковнигі, заңгер.

Өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан.Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТНовая Газета Казахстан - Пройти по черте Үйленген, үш баласы бар, екі немере тәрбиелейді.

Білімі 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Полиция генерал-лейтенанты

Қызмет жолы 1979-1988 – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары. 1988-1989 – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары. 1989-1992 – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы. 1992-1997 – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары. 07.1997-12.2003 – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы. 12.2003-06.2005- Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы. 06.2005-09.2009 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі. 2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Назначен новый начальник ДВД ВКО. 11.04.2011-12.02.2019 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі«Қ. Н. Қасымовты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 26 ЖарлығыҚалмұханбет Қасымов ІІМ басшысы қызметінен кетті 12.02.2019. 12 ақпан 2019 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің Президентінің көмекшісі болып тағайындалдыЭкс-министр Қалмұхамбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды 12.02.2019

Марапаттары 2-ші дәрежелі «Данқ» ордені, «Астана» медалі "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медалі, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» «Астананың 20 жылдығы» мерейтойлық медалі

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ішкі істер министрлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары