Анхель Фабиан Ди Мария Эрнандес (; 1988 жылы 14 ақпанда туған, Росарио) — аргентиналық футболшы, "Росарио" клубы мен Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы.

Жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. "Росарио Сентраль" клубының шәкірті. Оның El Angelito (періште), Di Magia (сиқыршы), El Flaco (жінішке), El Pibito және Fideo (испанша кеспе) деген лақап аттары бар.

Өмірбаяны

Клубтық Анхель Ди Мария кішкентай кезінде өте қозғалшан және энергиясы таусылмайтын бала болғандықтан, дәрігер оның спортқа деген қажеттігін көріп, футбол ойнауға кеңес береді.22. DI MARÍA. Өзінің мансабың туған қаласының «Атлетико Эль Торито» клубында 7 жасынан ойнап бастады. 13 жасында «Росарио Сентраль» клубына өтеді. Осы клубта өзі туралы алғаш рет мәлімдейді. 17 жасында Ди Мария клубтың бірінші құрамасында дебютін Индепендьенте клубына қарсы ойында жасайды, бұл Апертура-2005 соңғы туры еді. Бірнеше жылдан кейін еуропалық клубтардың назарына түседі. Олардың ішінде ресейлік Рубин де бар еді, клубпен Анхель 2007 жылдың басында келісім-шартқа тұруға дайын еді, бірақ кейін ойын өзгертеді.Пресс-конференция от 24 қаңтар 2007 года с Курбаном Бердыевым

Ұлттық құрама 2007 жылы Ди Мария 20 жасқа дейінгілер арасында Аргентина құрамасына шақырылады. Ол құрамамен Парагвайда өткен Онтүстік-Американдық жастар чемпионтына қатысып 2 гол соғады. Сосын оны Канадада өткен 20 жасқа дейінгілердің чемпионатына шақырады. Турнирде Анхель 3 гол соғып, Аргентина чемпионатты ұтып алады.

2008 жылы Ди Мария Пекинде өткен 2008 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін Аргентина ұлттық құрамасына шақырылады. Олимпиаданың ширек финалында Нидерланд құрамының қақпасына жеңіс голын соғады. Бұл 105-ші қосылқы минутта Лионель Месси пасынан кейін болады. Аргентина құрамасы ойынды 2:1 есебімен жеңді.

2008 жылдың 23 тамызында оның мансабындағы мүмкін ең маңызды кез болды - Аргентина құрамасы Олимпиада финалында Нигерия құрамасын Ди Мария голынан кейін 1:0 есебімен жеңеді.

Ди Мария 2010 жылы болған Әлем Чемпионатына баратын 23 ойыншы ішіне кірді. 2010 жылдың 11 тамызында Дублиндегі жаңа Авива статионында бірінші голды соғады, ол Ирландия құрамасына қарсы өткен достық ойын болған. Аргентина 1:0 есебімен жеңеді.Ирландия – Аргентина – 0:1

Жетістіктері

Командалық «Бенфика» Португалия чемпионы: 2009/10 Португалия лигасы кубогы иегері (3): 2008/09, 2009/10, 2024/25 Португалия суперкубогы иегері: 2023

«Реал Мадрид» Испания чемпионы: 2011/12 Испания кубогы иегері (2): 2010/11, 2013/14 Испания суперкубогы иегері: 2012 УЕФА Чемпиондар Лигасы жеңімпазы: 2013/14 УЕФА Суперкубогы иегері: 2014

«Пари Сен-Жермен» Франция чемпионы (5): 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2021/22 Франция лигасы кубогы иегері (4): 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2019/20 Франция кубогы иегері (5): 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2019/20, 2020/21 Франция суперкубогы иегері (5): 2016, 2017, 2018, 2019, 2020

Аргентина құрамасы Жастар арасында әлем чемпионы: 2007 Олимпиада чемпионы: 2008 Америка кубогы иегері (2): 2021, 2024 ФИФА Әлем чемпионы: 2022

Жеке Аргентинада жыл футболшысы: 2014 Испания чемпионатында үздік ассистент: 2013/14 Франция чемпионатында үздік ассистент: 2015/16 УЕФА Чемпиондар Лигасының финалында үздік ойыншы: 2014 УЕФА Чемпиондар Лигасында үздік ассистент: 2013/14 УЕФА Чемпиондар Лигасының символикалық құрамына кіреді: 2013/14 Әлем чемпионатының символикалық құрамына кіреді: 2014 УЕФА нұсқасы бойынша әлем құрамасының символикалық құрамына кіреді: 2014 ФИФА нұсқасы бойынша әлем құрамасының символикалық құрамына кіреді: 2014

Дереккөздер

Сілтемелер «Реал Мадрид» ФК ресми сайтындағы профилі Карьера статистикасы Статистика Анхель ди Мария Олимпиялық ойындарда

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:Аргентина Олимпиада чемпиондары Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Росарио Сентраль ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары