Жантікей, Жантекей (1992 жылға дейін — Ерназар)О переименовании и упорядочении транскрибирования на русском языке наименований отдельных административно-территориальных единиц Республики Казахстан — Абай облысы Ақсуат ауданындағы ауыл, Ырғызбай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсуат ауылынан солтүстікке қарай 45 км-дей жерде, Зайсан көліне құятын Боғас (Бұғаз) өзенінің оң жағалауында, дала белдемінде орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1347956 922 96,4 476 470 98,7 480 452 94,2

Тарихы Іргесі 1932 жылдың аяғында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты Елтай Ерназаров атындағы ұжымшарды құру негізінде қаланды. 1954 жылы А.Иманов атындағы қой өсіру кеңшарының, ал 1965 жылы қайта құрылған “Сұлутал” қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақсуат ауданы елді мекендері