Жемсу бөгені — Атырау облысының Жылыой ауданындағы бөген.
Гидрологиялық сипаты Бөгетінің ұзындығы 5,6 км, биіктігі 16 м. Бөгеннен ұзындығы 157 км арна басталады. Жемсу бөгені мұнай кәсіпорындарын, Мақат, Қоңырат темір жол бекеттерін, ұжымшар, кеңшар орталықтарын, Құлсары жылу электр станцияларын сумен қамтамасыз етеді. Шаруашылықтың 10 мың га жері суаруға және 20 мың га-дан астам жері суландыруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы,3 том
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы гидрографиясы