Ахемен әулеті (көне парс. Ariyānām Xšaçam — «Арий империясы»), сондай-ақ Бірінші Парсы империясы — б.з.д. VI - IV ғасырларда өмір сүрген, Алдыңғы Азия және Африканың солтүстік-шығыс аумағында парсы әулеті Ахеменидтер құрған ежелгі мемлекет. Б.з.д. VI ғасырдың соңына қарай Ахеменид империясының шекарасы батыста Эгей теңізінен бастап шығысында Үнді өзеніне дейін, оңтүстікте Нілдің алғашқы шегінен солтүстікте Кавказға дейін созылған.
Кеңеюі мен құлдырауы Ахеменнің ұлы Теисп (Чишпиш) және оның тікелей ұрпақтары — I Кир, I Камбиз, II Кир Аншананың (Солтүстік Эламдағы) патшалары атанған. Ежелгі Шығыс елдерінің көпшілік бөлігін қол астына қаратқан II Кир Ахемен әулетінің ұлы империясын құрды. Ахемен әулетінің үлкен бұтағы II Камбизбен (522 ж.) бітеді. Әулеттің кіші бұтағы I Дарийден басталады. А. ә-нің билеушілері: Ұлы Кир (546 — 530, 558 жылдан бастап Персия мен Аншананы биледі), Камбиз (530 — 522), I Дарий (522 — 486), I Ксеркс (486 — 465), I Артаксеркс (465 — 424), II Ксеркс (424), Согдиан (424 — 423), II Дарий (423 — 404), II Артаксеркс (404 — 358), III Артаксеркс (358 — 338), Арсес (338 — 336), III Дарий (336 — 330). А. ә. тұсында еркін, жеке мемлекеттік жүйе орнады. Мемлекетті шаһиншах биледі.
Ұлы Кир тұсында Лидия, Маргиана, Вавилон, Соғда, Финикия жаулап алынды. I Дарий тұсында парсы елі аумағы шығысында Үндістанмен, Памирмен, батысында Адриатика теңізімен, Ливияның батыс шебімен, солтүстігінденде Каспий теңізімен, Қап (Кавказ) тауларымен және Қара теңізбен, ал оңтүстігінде Оман теңізімен, Парсы шығанағымен, Арабиямен шектесті. Ахемен әулеті тұсында билеуші топ 2 сатыдан тұрды: біріншісі (7 парсы әулеті) мемлекеттік істерге араласып, шаһиншах әскеріне басшылық етті. Екінші сатыдағылар діни істермен айналысты. Біздің заманымыздан бұрын 330 жылы Ескендір Зұлқарнайын (қ. Александр Македонский) шапқыншылығы салдарынан 220 жыл ғұмыр кешкен Ахемен мемлекеті біржолата талқандалып, Ахемен әулетінің билігі үзілді.Али Акбар Деһхода, Деһходаның анықтама сөздігі, 1 т., Тегеран, 1961; Абдолазим Резои, Иранның он мың жылдық тарихы, 1 т., Тегеран, 1996.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Дереккөздер
Санат:Иран тарихы Санат:Ахемен әулеті Санат:Б. з. д. 550 жылы пайда болғандар Санат:Б. з. д. 330 жылы ғайып болғандар Санат:Сирия тарихы Санат:Еуропа империялары Санат:Үндістан тарихындағы мемлекеттер Санат:Ирак тарихы Санат:Македония тарихындағы мемлекеттер Санат:Грекия тарихындағы мемлекеттер Санат:Мысыр тарихы Санат:Түркия тарихындағы мемлекеттер Санат:Ежелгі әлемнің тарихи мемлекеттері Санат:Азия империялары Санат:Болгария тарихындағы мемлекеттер Санат:Тәжікстан тарихы Санат:Өзбекстан тарихындағы мемлекеттер Санат:Ауғанстан тарихындағы мемлекеттер Санат:Ежелгі Израиль және Иудея Санат:Ежелгі Сирия патшалығы және қалалары Санат:Ливия тарихы Санат:Африка империялары Санат:Армения тарихындағы мемлекеттер Санат:Пәкістан тарихындағы мемлекеттер Санат:Тарихи мемлекеттер