Валерий Викторович Петров (25.01.1951 жылы туған, Алматы қаласы) - генерал-майор. (2008).
В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1978) бітірген, инженер-электрик. Қазақ КСР ҒА сейсмология институтында инженер, аға инспектор, Қазақ КСР Минстрлер кеңесі Іс басқармасы ақпарат және байланыс пункті бастығы; Қазақ КСР ТЖ мемлекеттік комиссиясы ақпарат және байланыс бөлімінің, жедел басқарма бөлімінің меңгерушісі; ҚР ТЖ МК жедел бас басқармасының, жедел іс-қимыл және азаматтық корғаныс бас басқармасының бастығы; ҚР ТЖ комитеті жедел іс-қимыл департаментінің директоры; ҚР ТЖ комитеті Төрағасының орынбасары; ҚР ТЖ агенттігі Терағасының орынбасары, 2004 жылы наурызынан - ҚР ТЖ агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары; 2004 жылы қарашасынан - ҚР ТЖМ вице-министрі. РФ Халықаралаық транспорт академиясының толық мүшесі. Қазақстанның, Ресейдің ТЖМ құрметті қызметкері. Радио әуесқой,КСРО радиобайланыс спорт шебері, спутниктік байланыс бойынша КСРО чемпионы, Республика дәрежедегі төреші. ҚР «Айбын» «Достық» РФ «Александр Невский» ордендерімен Азаматтық қорғаныс халқаралық ұйымның белгісімен марапатталған. ҚР Президенті Алғыс хаттарының, ҚР, РФ, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері 14 медальдарының иегері.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:25 қаңтарда туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Ресей Халықаралық транспорт академиясының толық мүшелері Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:Спутниктік байланыс бойынша КСРО чемпиондары Санат:Республикалық дәрежедегі төрешілер Санат:Айбын орденінің иегерлері Санат:Достық орденінің (Ресей) иегерлері Санат:Александр Невский орденінің (Ресей) иегерлері