«Қара қағаз» - кісі өлімі жайлы ресми хабар. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан азаматтарды ел-жұртына, үйіне, туған-туыстарына «Қара қағаз» арқылы естірткен, «Қара қағаз» - марқұм қызмет еткен әскери бөлімнің оның қазасы туралы ресми хаты. Бұл хатта жауынгердің қашан, қай жерде, қандай жағдайда мерт болғаны көрсетілген. Хат бөлімше командирінің немесе саяси қызметкердің атынан көңіл айту ретінде жазылған.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс