Николай Алексеевич Куликов(19.12.1920, Ресей, Владимир облысы,Юрьев-Польский ауданы,Карандышево деревнясы - 17. 8.1972, Әулиекөл ауданы,Харьковка селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, ұшкыш. Куликов Мәскеуде тұрған. ФЗУ-ды бітіргеннен соц аэроклубта оқыды. Кеңес әскері қатарына 1940 жылы шақырылды. 1942 жылы ұшқыштар дайындайтын әскери-әуе мектебін бітірді. 1942 жылы Калинин майданына тәжірибелі, ұшқыш ретінде қабылданды. 2-Украина майданында өзінің тәжірибелі барлаушы екенін көрсетті. Соғыс жылдары Куликов 270- тен астам жауынгерлік тапсырманы орындады. Әуе шайқастарында жаудың 2 ұшағын істен шығарды. Көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Куликовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.3.1945). Соғыстан кейін Куликов Қостанай облысы,Әулиекөл ауданы«Харьков» кеңшарында тракторшы болып жұмыс істеді.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Кеңес Одағының батырлары