Дмитрий Степанович Ковешников (26.10.1918, Ресей, Орынбор облысы, Матвеев ауданы, Емельяновка селосы - 17.12.1998, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, генерал-лейтенант.

Балалық шағы, еңбек жолы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Көлбастау (Евгеньевка) ауылында өтті.

Ұлы Отан соғысы жылдары 1339-атқыштар полкінде штаб бастығы, майор қызметтерін атқарды. Новороссийск қаласын (Ресей, Краснодар өлкесі) азат ету үшін болған ұрыста ол өзінің талантты әрі тәжірибелі командир екенін көрсетті. Одан кейін Керчь түбегінде плацдарм алатын десанттық ірі операцияға қатысты. 1943 жылы 1 қарашаға қараған түні 1339-полктің 318-атқыштар дивизиясы құрамында Керчь бұғазынан өтіп, Эльтиген ауданында жауға тұтқиылдан шабуыл жасады. Жау бекініс бөгеттерінен өткен десантшылар маңызды биіктікті алып, плацдармда бекінді. 1 қарашада таң алдында жау десантшыларға қарсы танкімен күшейтілген 2 жаяу әскер дивизиясының бөлімдерін жіберді. Полк командирі десантшылардың 2-тобында қалғандықтан, Ковешников басшылықты өз қолына алды. Қырымғабарар бекіністі алу кезінде көрсеткен ерлігіне байланысты оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.11.1943).

Соғыстан кейін Кеңес әскері катарында қызметін жалғастырған. Мәскеу Әскери академиясын бітірді (1952). 1978 жылы запасқа шыққан.

Ленин, 2 рет Қызыл Ту, 3-дәрежелі Суворов, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз», 3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Биография Памятник

Санат:26 қазанда туғандар Санат:1918 жылы туғандар Санат:Орынбор губерниясында туғандар Санат:Матвеев ауданында туғандар Санат:17 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ұлы Отан соғысындағы полк командирлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Суворов орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі КСРО Қарулы Күштеріндегі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің иегерлері Санат:РККА үздіктері белгісінің иегерлері Санат:Керчьтің құрметті азаматтары Санат:КОКП мүшелері Санат:КСРО генерал-лейтенанттары Санат:Кеңес-фин соғысының (1939-1940) қатысушылары Санат:Троекуров зиратында жерленгендер