Қашаған Жаманқараев (8 мамыр 1910 жыл, Қаракемер ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы – 22 қыркүйек 2001 жыл, Алматы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, зеңбірек командирі.

Шапырашты руынан шыққан.

Майданға өз еркімен аттанып, резервтегі 1-гвардиялык артиллерия құрамында Сталинград түбінде, Днепр өзені, Курск доғасындағы шайқастарға қатысты. 1-гвардиялық артиллериялық зеңбірек бригадасының (Воронеж майданы, 60-армия, 1-гвардиялық артиллериялық дивизия) зеңбірек командирі аға сержант Жаманқараев 1943 жылы 26 тамызда Романово (Курск облысы,Рыльский ауданы) деревнясындағы шайқаста жау шабуылына тойтарыс берді. 2 танкіні жойып, қалғандарын кері шегінуге мәжбүр етті. 1943 жылы 7 қазанда Губи], Медвин (Киев облысы, Чернобыль ауданы) селоларының жанында Днепрдің оң жағалауындағы плацдарм үшін болған соғыста жаудың 1 взводқа жуық әскерін, 2 танкісін жойды.

Осы ерлігі үшін Жаманқараевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.10.1943). Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін туған ауылына оралып жұмыс істеген.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:1910 жылы туғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:2001 жылы қайтыс болғандар