Ата — туыстық қатынасты білдіретін атау. әкенің әкесі немесе ағасы; ерлі-зайыптылардың қайын әкесі (қ. Қайын ата); қадірлі қарт. Кіші ұрпақ үшін ол әрдайым А. дәрежесінде болады; адамдардың туыстық, қандастық жігі; ру тармақтары; Ежелгі, байырғы деген сөздердің баламасы (Ата мекен, ата кәсіп).

“Ата” — көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау. “Ата” сөзі тіркескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың аттарымен байланысты болып келеді. “А.” — осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден шыққан. Демек, ол — ұран тектес сөз. Бұл, әсіресе, ежелден аталар рухына — аруаққа сыйынған түркі қауымдарына тән нәрсе. “А.” — көне замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі-бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. Аумалы-төкпелі заманда империялық отаршыл және кеңестік қызыл саясат салдарынан шетке ауып кеткен қандас бауырлар Қазақстанның егемендік алуына орай өз А-не қайтып оралуда. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Жеті ата Санат:Ерлер