Аралтоғай — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Аралтоғай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 73 км-дей жерде, Ырғыз өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Тарихы 1957 жылы іргесі қаланған.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1363 адам (667 ер адам және 696 әйел адам) болса, 2009 жылы 1062 адамды (536 ер адам және 526 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 886 адамды (464 ер адам және 422 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, учаскелік аурухана, балалар бақшасы бар, шаруа қожалықтары құрылған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Әйтеке би ауданы елді мекендері