Есен – Нұраның сол саласы.
Географиялық орны Қарағанды облысының Абай және Шет аудандары жерімен ағады. Өзен 85 км, су жиналатын алабы 3430 км2.
Бастауы Арқалық тауының оңтүстік-батыс сілемдерінен басталады да, Есенкелді ауылы тұсында Нұраға құяды.
Гидрологиясы Қар және жер асты суымен толығады. Жоғарғы ағысында арнасы тар, тік жарлы, ал төменгі жағында біртіндеп кеңейе береді. Көктемде 20 күндей тасиды, жазда тартылып қалады. Жылдық орташа су ағыны 0,12 м3/с. Суы кермек татиды, ащылау. Мал ішеді. Жайылмасы — шабындық, жағасында шілік тал өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы