thumb|right|Еменшөп Еменшөп () – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шала бұта.

Қазақстанда өзен-көл жағалауларындағы шалғынды жерлерде өсетін үш түрі бар. Олардың ішінде жиі кездесетіні – сарымсақ еменшөпі (T. scordіum). Биіктігі 10 – 25 (кейде 50) см-дей. Сұлама тамырсабағы болады. Тік өсетін қырлы сабағына шеті тілімденген қауырсынды жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Тостағанша жапырақшалары қоңырауға ұқсайды. Қос ерінді күлтесі ашық қызыл, сирек ақ түсті болады. Гүлінен сарымсақтың иісі шығып тұрады. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – сырты торлы, көп саңылаулы жаңғақша. Сарымсақ Еменшөпі медицинада дәрі алу үшін қолданылады. Ал жапырағы дәм-татымдық зат ретінде тамаққа пайдаланылады.

Дереккөздер

Санат:Еріндігүлділер