Елемес – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан тау.
Географиялық орны Екібастұз қаласының оңтүстігінде, Әңгірен көлінің оңталық-батысында 25 км жерде. Абсолюттік биіктігі 303 м. Тау солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған.
Жер бедері Түпкі жыныстары жер бетіне шығып қалған өзен аңғарларымен, сай-жыралармен бөлінген. Беткейі жайпақ келген. Баурайынан өзендер мен жылғалар бастау алады.
Геологиялық құрылымы Төменгі кембрий жүйесінің тау жыныстарынан құралған.
Өсімдігі Өзен аңғарларының сортаң қызғылт қоңыр топырақты және шалғынды жерлерінде бұта, сұлыбас, боз, селеу және әр түрлі шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Екібастұз қалалық әкімдігі таулары