Орынбор (1938 – 57 ж. Чкалов) () – Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 жылы бекініс қамал ретінде қаланып, атауы Ор өзеннің атына байланысты қойылған. Халқы 529,6 мың адам (1998).
Қалада машина жасау, химия, мұнай химиясы, тамақ жасау, т.б. өнеркәсіп түрлері жақсы дамыған. 4 жоғары оқу орны, өлкетану және бейнелеу өнері мұражайлары бар. Ол Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Солтүстік-батыс бөлігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді.
Тарихы 1735 жылы 15 тамызда Иван Кириллов бастаған экспедициясы Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады. 1740 жылы Василий Татищев сауда керуендері түнейтін, үлкен әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат сұрады. Сөйтіп, қазіргі Қызылту станциясының іргесі қаланды. 1742 жылы жаңадан тағайындалған губернатор И. И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 жылы Кириллов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. Орынбор іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзеннің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының Орынборға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. Орынбор 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орталық Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. Орынбор 1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды. Қазіргі уақытта Орынбор облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарына шоғырланған. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары “Достық”, “Үркер”, “Қазақ тілі” және тағы басқа мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің “Айқап” атты газетін шығарадыБорисов А. Я., Оренбург, Челябинск, 1968; Ескекбаев Д., Орынбор қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу, А., 2001..
Губерния құрылуы Орынбор генерал-губернаторлығы, Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 жылы құрылып, 1881 жылға дейін сақталды. 1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығы құрамында орталығы Орынбор қаласы болған Торғай облысы құрылды. 1876 – 81 жылдары Қазақстанның солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде Дала және Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрылуына байланысты Орынбор генерал-губернаторлығыны жойылып, Орынбор губерниясы қалпына келтірілді. Дегенмен Торғай облысы Орынбор губерниясы құрамында қалдырылды.
Орынбор губерниясы – әкімшілік аумақтық бөлік. 1744 жылы құрылған. Алғашқы генерал-губернаторы И. И. Неплюев болды. Бастапқыда губерниясы Кама өзеңі, Каспий теңізі, Батыс Сібір мен қазақ даласы арасындағы жерлерді қамтыды. Кейіннен жаңа губерниялар мен облыстардың құрылуына байланысты солтүстікте Пермь, батыста Үфі және Самара, оңтүстікте Орал және Торғай, шығыста Тобыл губернияларымен шектесті. 1897 жылы жер аумағы 15 млн. десятина, халқы 1 млн. 608 – 388 адам болды. Орынбор губерниясында алтын, мыс және темір рудасы, тұз, сланец, тас көмір өндірілді. 1894 ж. Орынбор губерниясында Белорецк, Тираянск, Кагин, Жоғарғы Авзяно-Петровский, Төменгі Авзяно-Петровский, Зигазин және Инзер з-ттары болды. Егіншілік пен сауда өрістеді. Губернияда 576 оқу орны болды. Орынбор губернаторлығына халқы негізінен қазақтардан тұратын Торғай облысы тікелей бағынды. thumb|alt=A.|Иван Иванович Неплюев
Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже thumb|alt=A|250px – 1868 жылы Ресей императоры Александр ІІ қол қойған құжат. Осы құжат бойынша Орынбор және Бат.-Сібір ген.-губернаторлықтарында саяси-әкімш. реформа жүргізіліп, ген.-губернаторлықтар облыстарға, облыстар уездерге, уездер болыстықтарға, болыстықтар ауылдарға бөлінді. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары Орал облысы – Орал, Гурьев, Калмыков, Желі; Торғай облысы – Елек, Николаевск, Ырғыз, Торғай; Бат. Сібір ген.-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары кірді. Ақмола облысы – Ақмола, Көкшетау, Омбы, Петропавл;
Семей облысы – Семей, Жаңасарысу, Баянауыл, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Өскемен уездеріне бөлінді. Ген.-губернаторлықтардағы әкімш. және әскери билік ген.-губернатордың қолына шоғырландырылды. Облыс әкімш-н әскери және әкімш. билік берілген әскери губернатор басқарды. Ол облыс аумағында орналасқан казак әскерінің атаманы болып саналды. “Ережеде” далалық облыстардың әскери губернаторлары дивизия командиріне теңестіріледі деп көрсетілді. Уезд бастықтарын облыс әскери губернаторының ұсынуы бойынша ген.-губернатор тағайындады. Уезд бастықтарының қолына әкімш. және полицейлік билік шоғырландырылды. Орал облысының уезд бастықтарына, Семей облысы Көкпекті у-нің бастығына жергілікті әскери бөлімдер бағындырылды. Болыстықтар 1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейінгі бірнеше ауылды қамтыды. Әкімш. ауылдар 100 – 200 шаңырақтан құралды. Болыстық және ауыл әкімш-н құру тәртібі Қазақстан аймағын отарлау мақсатына қызмет етті. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындары әрбір үш жылда қайта сайланды. Сайлау кезінде рулық талас-тартыстар мен әртүрлі жолсыздықтарға орын берілді. Болыстық басқарушылар мен олардың кандидаттары облысы әскери губернатор бекіткеннен кейін ғана қызметке кірісті. Ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын уезд бастығы бекітті. Болыс басқарушысы өз болыстығындағы билігін жүзеге асыру барысында “тыныштық пен тәртіптің” сақталуын, алымдардың жиналуын, т.б. қадағалап отыруға міндетті болды. Болыс басқарушысына тәртіп бұзушыларды үш күн мерзімге қамауға алу және ақшалай айып төлету құқығы берілді. Өзінің әкімш. шегінде старшындардың да болыс басқарушыларындағыдай құқықтары болды. Жергілікті халық өкілдері болыстық және ауылдық деңгейдегі басқару орындарына ғана тартылды. Одан жоғары деңгейдегі басқару орындары отаршылдардың әскери адамдарынан құрылды. Ресей империясының қазақ даласына тұтастай саяси өктемдігін орнатуын 1891 жылы қабылданған “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” заңдастырдыМатериалы по истории политического строя Казахстана, т. 1, А.-А., 1961; Жиренчин К. А., Политическое развитие Казахстана – начале веков, А., 1996..
Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже – 1844 ж. 14 маусымда Ресей империясы қабылдаған заңдық құжат. 1824 жылғы жарғыға қарағанда бұл құжат патша өкіметінің қазақ даласындағы билігін күшейту жолдарын заңдастыра түсті. Ережеде жергілікті әкімшіліктердің өкілеттіктері шектеліп, қызметтері өлкелік өкімет тарапынан қатаң бақылауға алынды. Жарғыда қазақ арасындағы егіншілік, тұз өндіру өнеркәсібі және сауданы дамыту қажет деп көрсетілген болса, ереже тек қана мал шаруашылығы мен айналысуды мақұлдады. Бекітілген салық жүйесі бойынша әрбір түтінге 1 сом 50 тиын мөлшерінде салық белгіленді. Оған қоса линиялық казактарға жалданып жұмыс істеу үшін қазақтардың орыс әкімш-не билет бағасы ретінде күміс 15 тиын, билет алу мерзімін өткізіп алған жағдайда күміс 30 тиын төлейтін болды. Осындай қанаушы салық жүйесі арқылы Ресей империясы қазақ жерлерін күшпен тартып ала бастады. Кей мәліметтерге қарағанда, Ресей империясының қазынасына түтін басына белгіленген салықтан 4 млн-нан астам пайда түскен. О. қ. б. т. е. қазақ қоғамында қалыптасқан билер сотының құқықтық мәртебесіне де ерекше назар аударды. Патша өкіметі бұл ин-ттың құзыры мен қызметін барынша шектеуге тырысты. Бұдан былай билер соты 50 сом күміс ақша мөлшеріне дейінгі азаматтық істерді ғана қарайтын болды. Ал кісі өлтіру, тонау, барымта, Ресей өкіметіне күш көрсету, руластарын өкіметке қарсы үгіттеу сияқты қылмыстарды қарау жергілікті әскери соттардың құзырына берілді. Ереже қазақ қоғамын Ресей империясының басқару жүйесін енгізуге және “бөліп ал да билей бер” қағидасына сүйенген отарлық саясатты іс жүзіне асыруға құқықтық негіз болды.
Орынбор қырғыздары туралы жарғы thumb|alt=A. – Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қаласына шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылдыКазахско-русские отношения в 18–19 веках, А.-А., 1964; Мәшімбаев С., Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, А., 1994; Қазақстан тарихы, А., 1994..
Орынбор–Ташкент темір жолы