Бурақожыр, Борохудзир – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батысындағы Қояндытау жотасындағы бұлақтардан алып, Көктал ауылының оңтүстігінде Іле өзеніне 5 км жетпей сарқылып қалады.

Гидрологиясы Ұзындығы 78 км, су жиналатын алабы 548 км2. Жылдық орташа су ағымы 2,3 м3/с. Өзен суының деңгейі сәуір – маусым айларында көтеріледі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы өзендері Санат:Іле су алабы