Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов (4.9.1965 жыл, Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған) - мемлекет қызметкері.

Семей зоотехника-ветеринария институтын бітірген. 1989 жылы зоотехник, кейін аудандық агроонеркәсіптік одақтың жетекші зоотехнигі, «Спутник» және «Киров» кецшарларының бас зоотехнигі, Май аудандық ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорнының директоры, 2000-06 жылы Тереңкөл ауданының «Еңбек» шаруа қожалығының атқарушы директоры, Павлодар облысы Павлодар ауданының ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Қашыр аудандық «Песчанский» асыл тұқым орталығының директоры болып қызмет етті. 2006-10 жылы Май ауданының әкімі болып қызмет атқарды. 2010 жылдан Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі.Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8

Дереккөздер

Санат:4 қыркүйекте туғандар Санат:1965 жылы туғандар Санат:Май ауданында туғандар Санат:Семей мемлекеттік университеті түлектері Санат:Май ауданының әкімдері Санат:Баянауыл ауданының әкімдері