Бөкпе - талқанды, қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген ұлттық тағам. Бөкпе жас балаларға, бауыры ауырған адамдарға жұғымды әрі пайдалы тағам болып саналады. Халық арасында күріш ботқаны, балықтың сорпасына нан тұрап, бөктіріп дайындайтын тамақты да бөкпе деп атайды. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дайындалуы Бөкпе ақталған тарыны сүтке бөктіріп дайындайды. Оны әзірлеу үшін кілегейі алынбаған сүтке ақталған тары салып, түбі күйіп кетпейтіндей етіп баяу отта қайнатады. Сүт суала бастағанда сары май мен құмшекер қосып, оттың табында бұқтырады. Сүт әбден суалғанша тары да піседі. Дайын бөкпе сүт пен майды бойына сіңіріп, жұмсақ күйге келеді. Бұл тағам күнделікті ас ретінде де, сыйлы қонақтарға ұсынылатын дәстүрлі тағам ретінде де сипатталған.
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология