Александр Владимирович Стрельников (18.06.1957, Гудермес, Шешенстан) - халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жатықтырушысы,, Ұлттық бокс құрама командасының жатықтырушысы, екі дүркін әлем чемпионы, Ұлттық бокс құрама команданың капитаны - Серік Сәпиевтің жеке жатықтырушысы.
Александр Стрельников бокспен 1969 — 1980 жылдар аралығында шұғылданған. КСРО-ның бокс бойынша спорт шебері, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО чемпионатының қола жүлдегері (1977, Бішкек)
1980 жылдан бері Абай қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінде жатықтырушы.Ұлттық бокс құрама командасының жатықтырушылары
Атақты шәкірттері
Александр Стрельниковтің атақты шәкіртерінің бірі, боксшы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл) - Серік Сәпиев. Серік Сәпиевтің бірінші жатықтырушысы, әрі бүгінгі күнге дейін танымал спортшыған тәлім-тәрбие беріп келе жатқан Александр Стрельников: – Серік менің алдыма келгенде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұшқын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Бокс жатықтырушылары Санат:1957 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысының құрметті азаматтары