Ақторық - патшалық Ресей кезінде Ертіс жағалауындағы әскерилер есебіне берілген жерлеріндегі қазақтар жалға алып пайдаланатын жайылым атауы. Ақторық үшін қазақ ауылдары түтін басына 40-50 тиын мөлшерінде салым төлеп тұрған. Ақторықты қазақтар көктеу-күздеу үшін пайдаланды. Көптеген ауылдар өз жайлауларына жету үшін әскерилер жерлерінен кесіп өтуге мәжбүр болды. Әскерилер жеріне күндіз тоқтап дем алғаны үшін 20 тиыннан алым төлеп отырған.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология