Әулиекөл – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Қаражар ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан көл.
Гидрографикасы Аумағы 7,5 км2. Теңіз деңгейінен 126,0 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 3,7 км, ені 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 11,4 км.
Жағалау сипаты Көлге оңтүстік-батыстан Өлеңті өзені құяды. Маңайында Есенсор, ірілі-ұсақты көлдер бар. Жағалауындағы сор батпақта жусан, боз селеу, қозықұлақ, қылқұрт, т.б. шөптесіндер өседі.
Санат:Екібастұз көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері