Ащысу – Алматы облысының Жамбыл, Қарасай аудандары арқылы ағатын өзен.
Сипаттамасы Қопалысай, Көлбұлақсай, Жартас өзендері бастау алатын, Қараой жазығы маңындағы Қарабастау ауылының солтүстігіндегі Қарақыр қыраттарынан басталады. Солтүстікке қарай ағып, Тасқатын каналы мен Алматы-Қарағанды тас жолын кесіп өтеді. Ащысу ауылының солтүстігінде суы сарқылып қалады
Ұзындығы 93 км, су жиналатын алабы 1070 км2. Жоғары ағысында өзен тік беткейлі тар арнамен ағады, ал төменгі ағысындағы арнасы жазық келеді. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Аңғары мал жайылымына пайдаланыладыҚазақ энциклопедиясы.
Салалары бірнешеу, оның көбісі жаз айларында тартылып қалады, ең үлкендері Сиректас, Тамғалы.
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Қарасай ауданы өзендері