Маттерсбург () — Аустриядағы қала. Бургенланд федералды жеріне қарасты Маттерсбург округінің құрамына енеді.

Қаланың тұрақты тұрғындарының саны 7125 адамды құрайды (30 наурыз 2007). Алып жатқан жер аумағы 28.2 км² шамасында. Елді мекеннің автомобиль коды — MA, ресми идентификациялық коды — 1 06 06.

2007 жылғы сайлау нәтижесі бойынша коммунаның бургомистрі болып Ингрид Заламон (АСДП) саналады. Географиясы Маттерсбург Бургенландтың солтүстік жағында орналасқан. Бұл қалаға ең жақын басқа қала Вулькатал. Агломерациясы Қала екі общинадан тұрады, олар: Маттерсбург (6298) Вальдерсдорф (777) Бұл екі община 1971 жылы біріккен. Политика Муниципальдық өкілдікке мандат бөлінуі(25 орын) - АСДП - 14,АХП - 7,АТП және БЖП партиялары - 2 орыннан.

Қала бургомистрі 1999 жылдан бастап Ингрид Заламон(АСДП). Оның орынбасарлары - Хельмут Марбан(АСДП) және Михаэль Ульрих(АХП). Вальтерсдорф общинасының бургомистрі - Хуберт Ланг. Мәдениет Ғимараттар Жол виадугі - қала символы. Әулие Мартинның қалалық церкві. Маттерсбург телемұнарасы. Маттерсбург әдебиет үйі. Спорт

Футбол:СВ Маттерсбург Австрия Бундеслигасында өнер көрсетеді. 2007-08 жж. маусымда СВ Маттерсбург УЕФА кубогінің іріктеу кезеңінде қазақстандық Ақтөбе футбол клубымен кездесті(есеп 4:3). Баскетбол:БК Маттерсбург 2007 жылдан бастап Оңтүстік ауданының 2.Бундеслигасында өнер көрсетеді. Көгалдағы хоккей:АСКО клубы 2006 жылдан бастап Аустрия хоккей лигасында өнер көрсетеді. Экономикасы Маттерсбург - ауданның экономикалық орталығы. Қалада 3 400-тан аса жұмыс орны бар 300-ден аса кәсіпшіліктер бар. Қаладағы ең ірі кәсіпшіліктің бірі - Felix Austria зауыты. Белгілі адамдар туған Йохан Бергер(1768-1864) - аустриялық әскери,генерал. Пауль Китайтель(1757-1817) - аустриялық химик және ботаник. Михаэль Кох(1877-1941) - аустриялық құрылысшы және политик. Гейнрих Поллак(1834-1908) - аустриялық тілші және жазушы. Йозеф Раухофер(1875-1939) - аустриялық политик. Франц Райснер(1890-1962) - аустриялық коммерсант және политик. Томас Заламон(1989) - аустриялық футболшы. Франц Сауэрзопф(1932) - аустриялық политик. Ханс Сухард(1893-1968) - аустриялық профсоюз секретарі мен политик. Тұрған Герта Крафтнер(1928-1951) - аустриялық жазушы. Рихард Берцеллер(1902-1994) - аустриялық дәрігер және актер. Давид-Зви Пинкас(1895-1952) - израельдік политик және министр.

Сыртқы сілтемелер Ресми сайты

Санат:Бургенланд елді мекендері