Алюминий оксиді (глинозем, боксит, корунд, Al2O3) – алюминийдің оттекпен қосылысы. Ол түссіз, суда ерімейтін кристалдық зат. Корунд – қаттылығы бойынша алмастан кейінгі екінші минерал. Лағыл мен сапфир асыл тастар қатарына жатады. Алюминий оксидінің гидратталған түрі белгілі. Алюминий гидроксидіне көптеген бокситтердің құрамына енетін гидраргиллит және жасанды түрде алынатын байерит жатады. Алюминий оксиді боксит, нефелин, каолин, алунит сияқты табиғи заттардан алынады. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Алынуы

4Al +3O2 =2Al2O3 (алюминийді тікелей тотықтыру) 2Al(OH)3= Al2O3 +3H2O (алюминий гидроксидін айыру)

Құрылымдық формуласы: O = Al - O - Al = O

Химиялық қасиеттері Алюминий оксиді — екідайлы оксид.

қышқылмен: Al2O3 +6HCl = 2AlCl3 +3H2O негізбен: Al2O3 +2NaOH= 2NaAlO2 +H2O

Қолданылуы Al2O3 қаттылығы алмаздан кейінгі орында, сондықтан одан дәл кескіш аспаптар, бұрғылар мен тегістегіш құралдар жасауға, алюминий өндіруге, сондай-ақ катализатор және адсорбент ретінде қолданылады.Химия. 9 сынып. Усманова М. Атамұра 2019. 122-123 бет

Сілтеме

Санат:Оксидтер Санат:Алюминий қосылыстары