Алтай – Күршім және Оңтүстік Алтай жоталарының қиылысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерінде.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 1792 м. Өзімен аттас асудан мамыр – қазан айларында салт атты адам өте алады. Таудан бастау алатын өзен салалары оңтүстік-батысындағы Марқакөл көліне келіп құяды. Батысында Ақсубас тауымен, солтүстік-батысында Сарымсақты жотасымен, солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік бөліктері тауаралық аңғарлармен ұласады.

Өсімдігі Таулы орманның сұр топырағында майқарағай, қарағай, самырсын өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы таулары