Алексеев гранит кен орны – Ақмола облысы Ақкөл ауданында орналасқан. Барлау жұмыстары 1960 жылы жүргізілген.
Геологиялық құрылымы, құрамы Кен орны Бұланды алқабының герциндік қатпарлығына шоғырланған. Граниті лейкократты ақшыл қызыл және сұр түсті. Механикалық құрамы орташа түйіршікті, қошқыл түсті минералдардың мөлшері 5-8%. Аршылым жыныстарының қалыңдығы 2 м-ден асады. Кварцты порфирлерінің түсі қошқыл қызыл түсті. Кен денелерінің беріктілігі 865-1610 кг/см2; су сіңірімділігі 0,28-0,38%, тығыздығы 2,57-2,59 г/см3. Кен орнындағы тас 300 маркалы гранитке сай келеді.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысы кен орындары