Ақшытыр () – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Таралуы Орта Азия мен Қазақстанда кездесетін 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – Орақша ақшытыр (Cryptospora falcate).

Ботаникалық сипаты Биіктігі 10-40 см. Сабағы бұтақты, сыртын ұсақ, қалың түк жапқан. Жапырақтары ұзынша, пішіні қандауыр тәрізді, жиегі тегіс. Гүлдері ақ немесе қызғылт түсті. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – иілген орақ тәрізді бұршаққын. Тұқымы ұзынша (ұзындығы 3 мм).Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Дереккөздер

Санат:Орамжапырақтар Санат:Қазақстан флорасы