Ақкөл – Жамбыл облысы Талас ауданындағы көл.
Гидрографикасы Аумағы 52 км2, ұзындығы 14 км, ені 7,6 км. Суының көлемі 166 млн. м3. Орташа тереңдігі 3 м, ең терең жері 5 м. Көл негізінен Аса өзені суымен толысады. Суы тұщы, кермек.
Жағалау сипаты, су байлығы Жағалауы көлбеу, кей жерлері тік құлама (1-5 м) келеді. Ақкөлде сазан, шармай, жайын өседі. Үйрек, қаз, шағала, қызғыш құс, аққұтан мекендейді.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Талас ауданы көлдері Санат:Аса су алабы көлдері