Ақжайылым – Кент тауының оңтүстік-батысындағы тау сілемі.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінің оңтүстік-шығысына қарай 30 км жерде, Талды өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1065 м, ұзындығы 1-1,5 км, ені 0,5 км. Қия беткейі жартасты келген, солтүстік-батысы Қызымбет сайына, оңтүстік-шығысы Тұяқ сайына ұласады.

Геологиялық құрылымы Девон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қызыл қоңыр сазды және саздауыт топырағында бетеге, сұлыбас өседі, қараған шоғырлары кездеседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары