Ақбастау – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының батысындағы өзен.
Бастауы Шет ауданының солтүстігіндегі Жақсы Қаражал тауының бұлақтарынан басталып, Жуантөбе, Егізқызыл тауларының батыс тұсында Нұра өзеніне құяды. Ұзындығы 83 км, су жиналатын алабы 1570 км2. Жылдық орташа су ағымының мөлшері 0,18 м3/с.
Гидрологиясы Сол жағынан Айнасу, Қамыстыбұлақ, оң жағынан Қасқақұдық сияқты ұзынды-қысқалы 8 сала құяды. Суы жыл бойы ішуге жарамды. Желтоқсанның 1-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді.
Өсімдігі Аңғарының шалғындық ақшыл қара қоңыр топырағында бидайықты шалғын, тал бұталар, алабының қыратты жерінде бетеге, қызғылт селеу, т.б. өседі. Жайылмасы шүйгін шабындық болғандықтан жайылым ретінде пайдаланылады.Қазақ ұлттық энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы