Аймекен – Нарын құмының оңтүстік-батысындағы Қаратоқай және Мешітқұм құм шағылдарының арасындағы алаңқай қоныс. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында.

Ұзындығы 7 – 8 км, ені 2 – 3 км, шағын құм төбелерінің биіктігі 2 – 5 м-ге жетеді. Жердің аймекен аталуы Аймекен қыздың оқиғасына байланысты шыққан деген аңыз бар.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Батыс Қазақстан облысы қоныстары Санат:Бөкей ордасы ауданы географиясы