Қайрақты – Бала Қосмұрын жотасының батысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Сарыарқа ауылының солтүстігінде 21 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1033 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 2,5 км-ге жуық.

Жер бедері Беткейлері жарқабақты, сай, аңғарлармен тілімденген. Көптеген ұсақ шоқылардан тұрады. Таудан Балтатарақ, Қарасу өзендерінің салалары және Көкпекті өзeні бастау алады.

Өсімдігі Таудың ашық қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас, бетеге, қылқан боз, селеу, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары