Қайдағұл – Ұлы Жыланшық алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 36 км.

Бастауы Бастауын иен даладағы бұлақтардан алып, Дәнсары көлінің шығысындағы Мырзабаймола бейітіне 1,5 км жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы Жағалауы ашық және жайпақ келген. Орта ағысының 20 км-ге жуық бөлігін жарқабақты жыралар тілімдеген. Қар және жер асты суларымен толығады. Ұзындығы 2,5 км болатын бір саласы бар. Арнасында су жыл бойы болады. Сондықтан алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы