Балта - қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі керей тайпасынан тарайды. Балта руы Қарасары, Қаратал, Байқожа, Мұраталы, Құрманқұл, Мырза, Иранбақ, Айтқұл, Жәдік, Нашан, Көрікті, Ақбалық, Жолбарыс, Жайылған, Барғана аталарына таратылады. Осы рудан Баржақы, Тұрсынбай, Нашан, Итіке сияқты батырлары шыққан. Ұраны - Ошыбай, таңбасы - ашамай. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Тұлғалар Балта Танашұлы Дереккөздер
Санат:Қазақ рулары