Кіші Майтөбе – Қаратал алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 38 км, су жиналатын алабы 261 км2.

Бастауы Бастауын Дегерес тауының сол беткейінен алып, Майтөбе стансасынан төменде Дос өзеніне оң жағалауынан құяды.

Гидрологиясы Өзеннің жоғарғы ағысындағы жағалаулары тік жартасты келген. Төменгі ағысы біршама аласа және ашық. Жаз айларында суы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Аңғары мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Кербұлақ ауданы өзендері Санат:Қаратал су алабы