Кіші Ачинахкөлсай – Іле өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады.
Бастауы Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік-шығыс беткейінен бастау алады.
Гидрологиясы Ұзындығы 41 км. Жоғарғы ағысында тауаралық тік шатқалдармен ағып, Кіші Диқан ауылының тұсында тармақтарға бөлініп, Іле аңғарындағы құм төбелерге дейін жетеді. Тау басындағы мұз, қарлармен толығады. Жазда төменгі ағысы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Негізінен мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұйғыр ауданы өзендері Санат:Іле су алабы