Күшікбайсор – Қалдығайты өзенінің төменгі ағысында орналасқан көл.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының оңтүстік батысында, Үшана ауылынан оңтүстік батысқа қарай 15 км жерде.

Гидрографикасы Аумағы 4,9 км2, ұзындығы 4,2 км, енді жері 2,3 км, жағалауының ұзындығы 19,6 км. Негізінен жауын-шашын, көктемде Қалдығайты өзенінің суымен толысады. Суы қарашада қатып, сәуірдің 1-жартысында ериді. Жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қаратөбе ауданы көлдері