Красное – Есіл алабындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылының солтүстік-шығысында 11 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 148 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 5,01 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 10,2 км. Жағалауы түйетайлы, пішіні дөңгелек тәрізді келген. Негізінен жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің 1-жартысында ериді. Жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады, мал суарылады.
Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері