Көксу – Алтай тау жүйелерінің батысындағы таулы жота.
Географиялық орны Ресей Федерациясы құрамындағы Алтай Республикасы мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Үбі және Ертіс өзендерінің суайрығы саналады.
Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-ге созылып жатыр. Абсолюттiк биіктігі 2599 м.
Геологиялық құрылымы Орта девон кезеңінің эффузивті жыныстарынан, саздақты тақтатас, граниттен түзілген.
Өсімдігі Беткейлерінде самырсын, шырша, майқарағай, өзен аңғарларында көк терек, қайың, ал 2200 – 2500 м биіктікте альпілік шалғын өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан таулары Санат:Ресей таулары