Көкжиек – Баршақұм құмды алқабының орталық бөлігіндегі төбе. Қызылорда облысы Арал ауданы Сазды ауылының солтүстік-шығысында 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 112 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 1,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 0,5 км. Солтүстігінде Ақтабанқұм құмы, шығысында Баласораң қонысы, оңтүстігінде Кесеқұм (Кесекқұм) төбесі мен Түкпірши, Ескене қыстаулары, батысында Берді құдығы мен Қотырқора қыстауы орналасқан. Жер бедері сайлы-жыралы, бірен-саран шағылдар кездеседі. Құмның сортаңды сұр топырағында жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер өседі. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Қызылорда облысы
Санат:Төбелер Санат:Қызылорда облысы географиясы