Клевкино — Ертіс алабындағы тұзды тұйық көл. Үлкен Әжболат көлінің оңтүстігінде орналасқан.

Географиялық орны Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылының оңтүстік-шығысында 13 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 98 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 4 км², ұзындығы 3,3 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 10 км-ге созылған. Жағалауы батпақты, жазық. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Суы мол жылдары маңындағы ұсақ көлдермен қосылып, айдыны ұлғаяды. Жағалауы жазғы мал жайылымы.

Санат:Успен ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы