Кеш қызғалдақ () – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Іле Алатауының батыс бөлігінде (Қастек, Суықтөбе, Ұзын Қарғалы) ғана кездеседі. Тастақты, қиыршықтасты далалық өңірде өседі. Биіктігі 5 – 15 см, жуашығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 3 см-дей, сырты қара қоңыр қатпарлы. Жапырақтары жіңішке және ұзын, төменгі жапырақтары қауырсын немесе таспа тәрізді. Гүлі ақ, сирек сары түсті, сабақ ұшында дара кейде бірнешеу болады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша, ені 2 см-дей. Әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Кеш қызғалдақ – өте сирек кездесетін эндемик түр. Жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қызғалдақтар Санат:Лалагүлдер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер