Кермеккөл – Тобыл өзені алабындағы, Қазанбасы қонысының солтүстік-батысында 32 км жердегі тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Луговое қонысының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 193 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 4 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,8 км, орташа тереңдігі 0,5 м. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Жазда су айдыны тартылып, ұсақ көлшіктерге айналады. Жағасы түйетайлы, сор батпақты болып келеді. Қуаңшылық жылдары суы тартылып қалады.

Санат:Бейімбет Майлин ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы