Кемерово шошқасы – етті-майлы шошқа тұқымы.

Жергілікті сібір шошқасын ірі ақ шошқа, Беркшир шошқасы, ірі қара шошқа тұқымдарымен будандастыру арқылы 1960 ж. Ресейдің Кемерово облысында шығарылған. Қабаны 280 – 300 кг, мегежіні 220 – 230 кг тартады. Бір ретте 10 – 11 торай табады. 193 күн бордақыланған торай 100 кг тартады. Қазақстанда Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында Кемерово шошқасын өсіретін фермалар бар. Жетісу шошқасын шығаруда пайдаланылды.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шошқа тұқымдары Санат:Ресейде шығарылған шошқа тұқымдары Санат:Қазақстандағы ауыл шаруашылығы Санат:Шошқа будандары