Калмачиха, Қалмақша – Бұқтырма өзені алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км, су жиналатын алабы 412 км2.

Бастауы Бастауын Қатын және Оңтүстік Алтай жоталарының тауаралық аңғарындағы шағын көлдерден алып, ендік бағытта Бергіел (Берел) ауылының шығысында 7 км жерде Бұқтырма өзеніне оң жағалауынан құяды.

Гидрологиясы Жалпы ұзындығы 105 км болатын 35 саласы бар. Калмачиханың алабында жалпы аумағы 4,74 км2 болатын 70-ке жуық шағын көлдер орналасқан. Жоғарғы және төменгі ағысы тау шатқалдарымен өтеді. Орта ағысының жайылмасы бар. Аңғары мен жағалау бойын орман көмкеріп жатыр. Суы қазан айының соңғы онкүндігінде қатып, мамыр айының 1-онкүндігінде ериді. Жайылмасы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Катонқарағай ауданы өзендері