Қыркүйектің 3 — Григориан күнтізбесінде жылдың 246-шы күні (кібісе жылдарда 247-ші). Жылдың аяғына 119 күн қалады.
Мейрамдар , Байрақ күні. , Тәуелсіздік күні. , Ұлттық әскер күні.
Оқиғалар 1783 — Версаль бейбіт келiсiм шартына қол қойылды. Ұлыбритания АҚШ–тың тәуелсіздігін мойындады. 1791 — Франция тарихындағы бiрiншi Конституция жарияланды. 1939 — Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Аустралия және Жаңа Зеландия Германияға соғыс жариялады. 1953 — Никита Хрущёв КОКП ОК бірінші хатшысы болып сайланды 1995 — eBay серіктестігінің негізі қаланды.
Туғандар 1710 — Абраам Трамбле (:en:Abraham Trembley) (1784), Швейцария суретшісі натуралист 1859 — Жан Жорес (1914), француз саяси қайраткері. 1863 — Ганс Аанруд (1953), норвег ақыны және драматург. 1869 — Фриц Прегль (1930), австриялық химик, 1923 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты 1899 — Фрэнк Макфарлейн Бернет (1985), аустралиялық иммунолог, физиология және медицинадан 1960 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. 1905 — Карл Дэвид Андерсон (1991), швед текті америкалық физик, 1932 жылы позитронды ашқан және 1936 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
Қайтыс болғандар 1820 — Бенджамин Латроб (:en:Benjamin Henry Latrobe) (1764), америкалық архитектор (Вашингтондағы Капитолий ғимараты). 1883 — Иван Сергеевич Тургенев, орыс жазушысы және драматург. 1987 — Виктор Платонович Некрасов (1911), орыс жазушысы. 2004 — Андре Стиль (:en:André Stil, 1921), француз жазушысы.
Сыртқы сілтемелер
Санат:3 қыркүйек